jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрінен коронавирус анықталды

    : UGC

    Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталды. Шенеуніктің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қамалжан Надыров. Фото: Алматы әкімдігі
    Қамалжан Надыров. Фото: Алматы әкімдігі: UGC

    Елжан Біртанов бұрынғы вице-министр Надыровтың коронавирус жұқтырып алғаны туралы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

    "Кеше кешкісін Қамалжан Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырған деген диагноз қойылды. Қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты. Әріптесім Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуіне тілектеспін және қолдау білдіремін" , - деп жазды министр.

    Еске сала кетейік, Қамалжан Надыров күні кеше ғана Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалған еді. Ол өз еркімен отставкаға кеткен Тлеухан Әбілдаевтың орнына келген болатын.

    Алайда, орын алған жағдайға байланысты Елжан Біртанов Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылғанын мәлімдеді.

    Оған қоса, денсаулық сақтау министрі оңтүстік астанадағы коронавирус жағдайына тоқталып өтті.

    "Алматыдағы COVID-19 қатысты жағдай мемлекет және қала басшылығының ерекше бақылауында. Бүгін таңғы мәлімет бойынша, мұнда 678 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Скрининг нәтижесінде науқастардың жартысына жуығы медицина қызметкерлері екені белгілі болды. Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы індеттің ошағы оқшауландырылды. Барлық пациенттер, коронавирустық инфекция диагнозы расталған қызметкерлер қаладағы стационарларға орналастырылды және емделуде. Аталған аурухананың ғимараттары толық дезинфекцияланады, стационар содан кейін ғана науқастарды қабылдауға кіріседі" , - деді Біртанов.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрінен коронавирус анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.