jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    12511-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 199 адам анықталды

    : Facebook

    Елімізде тағы 199 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 12 511-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

    12511-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 199 адам анықталды
    Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images
    "Қазақстандағы 2020 жылғы 5 маусымдағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:

    Өткен тәулікте елімізде қауіпті дертке шалдыққан, ауру белгілері бар 199 адам тіркелді (өсім қарқыны – 1,6%), оның ішінде:

    Нұр-Сұлтан қаласында – 37 (1,6%); Қарағанды облысында - 33 (3,1 %); Алматы қаласы – 31 (1,1%); Ақтөбе облысында – 15 (4,0%); Павлодар облысында – 13 (5,7%); Атырау облысы – 11 (0,9 %); Шығыс Қазақстан облысында - 9 (5,4%); Алматы облысында – 9 (2,2%); Жамбыл облысында – 9 (2,2%); Батыс Қазақстан облысында – 8 (1,0%); Шымкент қаласында – 8 (0,9%); Маңғыстау облысында – 4 (1,3%); Қызылорда облысында – 4 (0,9 %); Қостанай облысында – 3 (1,5%); Түркістан облысында – 3 (0,8%); Ақмола облысы – 2 (1,2%) адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды", - делінген ресми хабарламада.

    Естеріңізге сала кетсек, соңғы деректер бойынша, әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны 6,6 миллионнан асты.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

    Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

    12511-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 199 адам анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.