jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Бар күшін салуда": Алматыдағы модульді аурухана дәрігерлері қалай жұмыс істеп жатыр

    : Facebook

    Коронавирус инфекциясының таралуына қатысты Алматы қаласында 18 күн ішінде салынған модульді жұқпалы аурулар ауруханасы бүгінде жүздеген адамның өмірін құтқаруда деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Twitter

    Модульді аурухана Алатау ауданында орналасқан.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Twitter

    Медициналық мекеме 280 адамға арналған. Нысан ішінде 6 клиникалық бөлім, жансақтау мен қабылдау бөлімі бар.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Instagram

    Сонымен қатар аурухана "таза" және "лас" аймаққа бөлінген, "таза" аймақта қызметкерлер тамақ ішіп, демалады.

    "Лас" аймаққа тек обаға қарсы қорғаныс киімімен, арнайы көзілдірік, резеңке аяқкиім киіп, берпердемен ғана кіруге болады. Ол аймаққа бөтен адамдарға кіруге рұқсат етілмейді. 

    Аурухана ішінде қызметкерлерге арналған демалыс бөлмелері бар, таза аймақтың өзіне ПТР тест тапсырмаған кісіге кіруге болмайды.

    Сонымен қатар ауруханада төрт зертхана, компьютерлік томография, рентген, эндоскопиялық жабдықтар мен УДЗ және электрокардиография жасауға арналған кабинеттер бар. Жансақтау бөлімінде 28 жасанды тыныс алу аппараты орнатылған.
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Twitter

    Қазір госпитальда емделіп жатқан 55 адамның жағдайы ауыр. Оның 18-і жансақтау бөлімінде. Қалғандары палатада.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    Ауруханада жүзге жуық медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр, оның 30%-ы күндіз жұмыс істесе, қалған мамандар түнгі ауысымға үш күн сайын кезекшілікке шығады.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook
    "Науқас ауруханаға түскен кезде біздің қызметкерлер міндетті түрде қорғаныс киімдерін киеді. Науқас ауруханаға түсер алдында жедел жәрдем бригадасы ол кісінің жағдайы қандай, ауыр ма, әлде орташа ма – бәрін хабарлайды. Реанимацияны, жасанды тыныс алу аппаратын дайындау қажеттігі алдын ала нақтыланады. Соған байланысты қызметкерлер дайын отырады", - дейді Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Утағанов.
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    Медицина қызметкерінің сөзінше, күн сайын жансақтау бөліміндегі науқастардан бастап пациенттерді аралау басталады. Әрбір науқастың жағдайы жеке-жеке талқыланады.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    Әрбірі жеке түрде емделеді, себебі коронавирус инфекциясы стандартты ауру емес. Кейде адамның сізбен сөйлескенде дене қызуы көтерілмей отырса да, бір сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылуды қажет етуі мүмкін.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Twitter

    Орта ауырлық жағдайда жатқан науқастардың жағдайы күніне үш рет бақыланады, ал жағдайы ауыр пациенттердің жағдайын әр үш сағат сайын біліп отырады.Ол аурухана дәрігерлері айына бір рет коронавирусқа тест тапсыратынын білдірді. Инфекционист өзінің әріптесінің қалай инфекция жұқтырып алғаны жайлы да айтып берді.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook
    "Біздің бір қызметкеріміз барлық талапты сақтағанына қарамастан, реанимацияға түсіп қалды. Ол ауру жұқтырып алу мүмкін жерде жұмыс істеген еді. Адами фактор болады, адам шаршайды. Солай қателік кетіп жатады, одан ешкім сақтандырылмаған", - деді Бақыт Утағанов.
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    Алайда ол ешкіммен байланыста болмаған, бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Инфекционист Бақыт Утағановты үйінде жары мен алты жастағы қызы күтіп отыр. Ол 11 наурыздан бері үйінде болмаған.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    "Төрт айдан бері үйге бармай, ауруханада жұмыс істеп жатырмыз. Олармен телефон арқылы хабарласып тұрамыз, алайда құшақтап, сағынышыңды басқанға ештеңе жетпейді. Әр дәрігер, әр қызметкердің арманы – аман-сау өз үйіне жету", - дейді ол.

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Twitter

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Instagram

    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова
    Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова: Facebook

    Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

    "Бар күшін салуда": Алматыдағы модульді аурухана дәрігерлері қалай жұмыс істеп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.