jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Кинотеатр иелері кәсіптері құрдымға кетіп бара жатқанын айтып дабыл қақты

    кинотт
    Көрнекі фото: pxhere.com

    Қазақстандық кинотеатр иелері кәсіптерінің құрдымға кетіп бара жатқанын айтып дабыл қақты. Олар биліктен ең болмағанда кинотетарлардың қашан және қандай жағдайда ашылатынын түсіндіріп беруін сұрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Еліміздің барлық кинотеатрлары жарты жыл бұрын наурыз айында жабылып қалған. Содан бері карантин шаралары жеңілдегенімен дәл осы саланың қызмет етуіне рұқсат жоқ.

    "Хабар 24" телеарнасының тілшісі Қазақстан кинотеатрлары иелері ассоциациясының басшысы Мунира Ягудинамен тілдескен.

    Оның сөзінше, пандемия салдарынан кинотеатрлар 10-15 млрд теңге жоғалтқан. Ягудина залдар қаншалықты бос болса, кинобизнестің де қалпына келуі соншалықты қиын болмақ.

    Алайда осы салада еңбек ететін кәсіпкерлер жұмыстарына қашан және қандай жағдай рұқсат берілетініне алаңдаулы. Айта кету керек, елімізде жұмыс істеп тұрған 92 кинотеатрдың жетеуі жабылып қалған.

    Ягудинаның түсіндіруінше, кәсіпкерлер кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын. Олар келесі айда бірнеше картинаны жалға алуға рұқсат сұрап отыр. Бұл бизнесті құтқаруға көмектеседі.

    Сонымен бірге ол кәсіпкердердің кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

    Еске сала кетсек, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кинотеатрларды ашу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді.

    Бекшиннің айтуынша, барлық санитарлық талап сақталса, кинотеатрлар көрерменнің 30 пайызын толтырып жұмыс істейді.

    Айта кетсек, елімізді қатаңдатылған карантин режимі алынғанымен әлі де кинотеатрлар және караокелердің жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.

    Сондай-ақ көңіл көтеру орындарының қызметкерлеріне 42 500 теңге жәрдемақы берілмейтіні белгілі болды.

    Кинотеатр иелері кәсіптері құрдымға кетіп бара жатқанын айтып дабыл қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.