jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Коронавирус: Атырау облысы "қызыл аймаққа" енді

    Тәжвирус
    Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

    Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" енді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы орналасқан. "Сары аймақта" Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары енген. Қалған өңірлер - "жасыл аймақта".

    Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 749 адам коронавирус жұқтырды.

    Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 143 735-ке жетті. ПТР тестілеуі барысында расталған коронавирус деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Елордада өткен тәулікте 86 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырып алғаны белгілі болды. Қазақстандағы КВИ-дің таралу жағдайы мынадай:

    ⚡️ Шығыс Қазақстан облысында - 17954 (+64),

    ⚡️ Нұр-Сұлтан қаласында -17267(+86),

    ⚡️ Алматы қаласында - 17201(+77),

    ⚡️ Атырау облысында - 12206(+60),

    ⚡️ Қарағанды облысында - 11541(+31),

    ⚡️ Батыс Қазақстан облысында - 8645(+38),

    ⚡️ Павлодар облысында - 7885(+80),

    ⚡️ Солтүстік Қазақстан облысында - 7644(+65),

    ⚡️ Қостанай облысында - 6539(+70),

    ⚡️ Алматы облысында - 6313(+49),

    ⚡️ Ақмола облысында - 6340(+65),

    ⚡️ Шымкент қаласында -5443(+4),

    ⚡️ Жамбыл облысында - 4762(+32),

    ⚡️ Ақтөбе облысында -3588(+3),

    ⚡️ Түркістан облысында - 3554(+7),

    ⚡️ Маңғыстау облысында - 3519(+9),

    ⚡️ Қызылорда облысында -3334(+9).

    Коронавирус: Атырау облысы "қызыл аймаққа" енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.