jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Коронавирус: Науқастар арасында көз жанарынан айырылғандар бар

    Коронавирус
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    АҚШ ғалымдары коронавирустың жаңа түрімен ауырған науқастардың көз жанарынан сирек кездесетін инфекция табылып жатқанын айтуда деп жазады gazeta.ru.

    Нью-Йорктің Хемпстед қаласындағы Хофстра университетінің ғалымдары коронавирустың жаңа түрімен ауыратын науқастарда сирек кездесетін көз жанарының инфекциясы анықталып жатқанын байқаған.

    Бұл туралы ақпарат Knowridge Science Report басылымында жария болды. Белгілі болғандай, Нью-Йорктегі емханалардың бірінде COVID-19 жұқтырған үш науқастан көз жанарының қабыну жағдайы тіркеліп, кератит салдарынан туындаған эндофтальмит диагнозы қойылған. Аталмыш диагноз қойылған адамдардың көз жанарының ішкі қабығы іріңдеп қабына бастайды екен.

    Өкінішке қарай, бұл диагнозбен түскен науқастардың бірі коронавирусқа төтеп бере алмай, қайтыс болды. Ал екінші науқастың көзін алып тастауға тура келіпті.

    Үшінші науқастың көру қабілеті нашарлаған дейді ғалымдар. Олар қысқа уақыт ішінде бір емханада коронавирус жұқтырған науқастардың бірден үшеуінен сирек кездесетін эндофтальмит дерті анықталғаны жаңа зерттеулер жүргізуді қажет ететіндігіне баса назар аударуда.

    Айта кетсек, пандемия басталғалы бері бүкіл әлемде коронавирусты 76 миллионнан астам адам жұқтырып үлгерген. Олардың 1,6 миллионнан астамы коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болып отыр.

    Коронавирус: Науқастар арасында көз жанарынан айырылғандар бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.