jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    ПТР тест тегін болуы мүмкін бе: Министрлік пікір білдірді

    Фото
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне ПТР тесттер алдағы уақытта тегін болуы мүмкін бе деген сауал қойылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың сөзінше, тиісті қаулы бойынша ПТР тесттен тегін өтетітін 12 санаттағы адамдар анықталған.

    Оларға клиникалық белгілері бар адамдар, науқауспен байланысқа түскендер, ауруханаға жатқызылған азаматтар, перзентханаға түскен жүкті келіншектер және тағы басқалар жатады.

    "Басқа тұлғаларға тегін ПТР тест қарастырылмаған. Ел тұрғындарына таңдау құқығы берілген - вакцинация немесе ПТР. Вакцинация ақысыз. ПТР тест 7 күнде бір рет тапсырылуы керек. Оны мемлекет қаржыландырмайды", - деді Айжан Есмағамбетова.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжат Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.

    Оған сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған адамдар 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР тестілеуден өтуі керек. Бұл ереже тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарға қатысты емес.

    ПТР тест тегін болуы мүмкін бе: Министрлік пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.