jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ДСМ коронавирустың таралуы бойынша алдағы үш айға болжам жасады

    Дәрігерлер11
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау минстрі Ажар Ғиният коронавирустың таралуына қатысты ДСМ жасаған болжамды бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ажар Ғинияттың сөзінше, Денсаулық сақтау минстрі коронавирустың таралу көрсеткішін бақылап, ай сайын алдағы үш айға болжам жасап отырады.

    "Пессимистік сценарий бойынша, бір тәулікте 4000 науқасқа дейін тіркелуі мүмкін. Реалистік сценарий бойынша, тәулігіне 2500 науқасқа дейін, оптимистік сценарий бойынша, тәулігіне 1000 науқасқа дейін тіркелуі ықтимал. Дертті жұқтыру жағдайы тамыз айында көбейе түседі, тек тамыз айының соңы мен қыркүйек айында ғана біртіндеп азая бастайды", - дейді Ажар Ғиният.

    Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап өсуде. Мәселен, 13 шілдеде бір тәулікте 1104 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталса, 14 шілдеде тағы 1257 адамнан коронавирус анықталды.

    ДСМ коронавирустың таралуы бойынша алдағы үш айға болжам жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.