jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да бруцеллез анықталып, ет пен сүт өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылды

    Сиыр
    Сиыр. Көрнекі фото: pixabay.com

    Солтүстік Қазақстан облысының 4 ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталып, ветеринарлар бұл елді мекендерге шектеу шараларын енгізді. Бұл туралы Kazinform агенттігі СҚО ветеринария басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады

    СҚО ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бруцеллезге 3 ауданның 4 ауылындағы мал шалдыққан. Атап айтқанда Қызылжар ауданындағы Плоское, Аққайың ауданындағы Ленинское және Ақжар ауданындағы Үлгілі мен Тұғыржап ауылдары.

    "Соңғы дерек қарашаның 13-і күні Ақжар ауданы Тұғыржап ауылындағы "Хиуа" шаруа қожалығында тіркелді. Бруцеллез ауруы 5 ірі қара малдан анықталды. Барлық мал сойылды. Қазіргі уақытта елді мекеннен ет және сүт өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылған", - дейді СҚО ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

    Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 223 ірі қарадан бруцеллез анықталса, өткен жылы ауырған 779 мал пышаққа ілікті.

    "Биыл Айыртау ауданында – 19, Ақжар ауданында - 76, Аққайың ауданында - 98, Қызылжар ауданында – 23, Уәлиханов ауданында – 7 бас ауру ірі қара мал жойылды. Қазіргі уақытта бруцеллезбен күрестің негізгі жолы – оны дер кезінде анықтап, ауру малды оқшаулап, көзін жою. Бұл қауіпті дерт, ауру малдан адамға жұғуы мүмкін. Бруцеллез жұқтырған мал іш тастайды, төлі өлі тууы мүмкін. Ауырғаны көп жағдайда білінбейді. Бұл дертпен төрт түліктің бәрі ауырғанымен, ол әсіресе қой ешкі, сиыр-шошқа арасында жиі таралады", - дейді Аманжол Нұртазин.

    СҚО-да бруцеллез анықталып, ет пен сүт өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.