jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жидда-Алматы" бағытындағы ұшақта жолаушы өміріне араша түскен жетісулық дәрігер министрден алғыс хат алды

    Жаннұр Сырымов
    Алғыс хатты табыстау сәті. Фото: instagram.com/koksu_crb/

    Ұшақта қажылықтан елге қайтып келе жатқан азаматты өлімнен құтқарып қалған жетісулық дәрігер Жаннұр Сырымовқа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан алғыс хат берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның хабарлауынша, марапатты Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров табыстаған. Ол көксулық дәрігерлермен жиын өткізіп, дәрігерге құрмет көрсетті.

    Айта кетейік, Жаннұр Сырымов бүгінде Жетісу облысы Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады. Сол сапарында Меккеге әкесін қажылыққа апарып, қайтып келе жатқан.

    Еске салсақ, Жаннұр Сырымов "Жидда-Алматы" бағытындағы ұшақта денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыны аман алып қалған еді. Дәрігер науқастың өмірі үшін төрт сағаттай күрескен болатын.

    Алғыс хат
    Алғыс хат. Фото: instagram.com/koksu_crb/

    "Жидда-Алматы" бағытындағы ұшақта жолаушы өміріне араша түскен жетісулық дәрігер министрден алғыс хат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.