RU
Денсаулық
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

ҚазҰУ ғалымдары Қазақстанда өсетін өсімдіктің қатерлі ісікке қарсы белсенділігін анықтады

Жарияланған күні:

Микроскоппен қарап жатқан маман
Микроскоп. Фото: gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Іле-Балқаш өңірінде өсетін бұршақтүсті түйетабан өсімдігін зерттеп, оның қатерлі ісік ауруына қарсы белсенділігін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, бұршақтүсті түйетабан ертеден халық медицинасында кеңінен қолданылған. Дегенмен аталған өсімдік ғылыми тұрғыда толық зерттелмеген. ҚазҰУ ғалымдары алғаш рет оның құрамындағы фитохимиялық және биологиялық белсенді заттарды анықтауға бағытталған ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл жоба алдағы уақытта отандық фармацевтиканы дамытуға септігін тигізбек.

"Жоба нәтижесінде бұршақтүсті түйетабан өсімдігінің биологиялық белсенділігі жоғары екені анықталды. Өсімдік сығындылары антиоксиданттық, антимикробтық және цитоуыттылық қасиеттерімен ерекшеленді. Мәселен, этанол сығындысы күшті антиоксиданттық белсенділік көрсетті, ал этил ацетаты сығындысы бактерияларға қарсы тиімділік танытты.

Сондай-ақ өсімдіктің белгілі бір сығындылары лейкемия жасушаларына қарсы тұра алатыны дәлелденді. Мұны болашақта қатерлі ісік ауруына қарсы дайындалатын дәрілерге пайдалануға болады", - дейді ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, докторант Гүлзат Қайранова.

Ғылыми жоба бойынша профессор Әсем Мамурова, PhD доктор, Түркия профессоры Ахмет Бейатлы және ҚазҰУ докторанты Гүлзат Қайранова жұмыс істеп жатыр.

Болашақта мамандар патент алуды және жоғары рейтингтік ғылыми журналдарға мақала дайындауды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2222309-leikemiia-zhasushalaryna-qarsy-tura-alady-qazuu-galymdary-ile-balqash-ongirinde-osetin-osimdikting-qaterli-isik-auruyna-qarsy-belsendiligin-anyqtady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif