Қазақстанда скринингтің жаңа түрі енгізілді
Жарияланған күні:

50 жастан асқан ер азаматтар биылдан бастап ми қан айналымының бұзылу қаупін ерте анықтайтын сринингтен өтуге тиіс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Телернаның хабарлауынша, бұл инсульттің алдын алуға сеп. Сонымен қатар 18 жастан асқандар В және С гепатиттерін ерте анықтау үшін скринингтен өтуге міндетті. Бұл тексеріс бауыр обыры мен цирроз дертін ауыздықтауға көмектеседі.
Дәрігерлер қан айналым жүйесіндегі ауруды уақытылы емдемесе, соңы инфаркт пен инсультке әкеп соғуы мүмкін екенін айтады.
"Біздің емханада 11 800-нан астам адамға скрининг жасалады. Көбіне бізді ешкім шақырмады деп айтып жатады. Біріншіден белгілі бір диагнозбен есепте тұрса, сол кісілер өтпейді. Скрининг негізі 30 жастан басталады. Сондықтан өзі тіркелген емханасында жасы келген адамдар скрининг өтуіне болады", - дейді Астанадағы 5 қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина.
Былтыр 3 млн-нан астам адам осы тексерудің сүзгісінен өткен. Нәтижесінде 120 мыңнан астам жан дертін дер кезінде анықтады.
Бас дәрігердің айтуынша, былтыр 11 мың адамнан анықталған диагноздардың ішінде жатыр мойны ісігі үш адамнан табылды. Олар медициналық тексеруден өту үшін келген, ауруы ерте анықталды", - дейді дәрігер.
Жалпы 40 жастан асқан адам әр екі жыл сайын скрингингтен өтіп тұруы қажет. Соның бірі глаукома ауруының алдын алу. Бұдан бөлек елімізде ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтайтын скринингтік зерттеу жүргізіледі. Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, сүт безі, тоқішек обыры сынды қауіпті дертті ерте анықтау мақсатында адамдар екі жылда бір ақ халаттының алдына келуге міндетті. Ал әйелдер жатыр мойны обырының алдын алуда 4 жылда бір тексерістен өтеді.
Тағы айта кетерлігі, мәжіліс депутаттары онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулерді, тегін медициналық көмек қызметтер тізіміне енгізуді ұсынды. Заң күшіне енсе, еліміздің барлық азаматы сақтандыру мәртебесіне қарамастан онкоскринингтен тегін өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2222718-qazaqstanda-skriningting-zhanga-turi-engizildi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде