RU
Денсаулық
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Қайта тусақ та, осы мамандықты таңдар едік": қазақстандық егіз дәрігерлер туралы не білеміз

Жарияланған күні:

егіз дәрігерлер
Егіз дәрігерлер. Фото: Kyn.kz

Дәрігер болуды арман еткен егіз қыздар Назипа және Анар мақсаттарына жете білді. Апалы-сіңлілі егіздің бірі бүгінде – акушер, екіншісі – балалар дәрігері, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, олар 1960 жылы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Қазір 65 жаста. Медицина саласында үлгілі әрі тәжірибелі маман, ұл-қыздарына бақытты ана, немерелеріне өнегелі әже болып отыр.

Егіз қыздардың мамандық таңдауына ауыл дәрігерінің әсері көп болған.

Екеуі де 1978 жылы мектепті үздік тәмамдап, арман қуып Алматыға келіп, оқуға тапсырған. Назипа Нәкенқызы Асфендияров атындағы Мемлекеттік медицина институтына балалар факультетіне оқуға түскен. Дегенмен сыңары Анардың арманы бір жылға кеш орындалған. Себебі ол туу туралы куәлігін өзгерткен көрінеді. Сөйтіп келесі жылы құжат тапсырып, Республикалық Медициналық училищеге оқуға түсіп, акушер атанған.

Осылайша, егіздер кәсіби білім алып, дипломдарын құшақтап, алғашқы еңбек жолын Қызыл шекара ауылында бастаған.

Егіздердің мамандығы балалармен тығыз байланысты. Бірі қаншама сәбидің дүние есігін ашуына себепші болса, екіншісі бала денсаулығына жауапты.

Нәзипа Нәкенқызының сөзінше, тілі шықпаған бүлдіршінмен де, есейген жасөспіріммен де жұмыс істеудің өзіндік қиындықтары бар. Себебі, дәрігерге әрбір баланың еркелігін көтеріп, кірпияздығына шыдауға тура келеді. Ал Анар Рақымбай қаншама бөбектің шыр етіп дүниеге келген сәтін өз көзімен көріп, көптеген әйелдің қуанышты шағында жандарында болғаны үшін өзін бақытты дәрігер деп санайды. Ол жұмыс уақыты жетіп, перзентханаға кіргеннен бастап, өз отбасының жай-күйін ұмытып кететін кездері де болатынын айтады.

"40 жылдық тәжірибемде миллионнан аса балақайдың кіндігін кестім" - дейді ол.

Басылымның жазуынша, коронавирус індеті кезінде де апалы-сіңілі егіз өз мамандықтарына деген адалдығын тағы бір дәлелдеген. Ауру өршіп, медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түскен шақта, олар күн-түн демей алдыңғы шепте еңбек еткен.

"Қайта тусақ, осы мамандықты қайтадан еш ойланбастан таңдар едік", - дейді апалы-сіңілілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2230908-qaita-tusaq-ta-osy-mamandyqty-tangdar-edik-qazaqstandyq-egiz-darigerler-turaly-ne-bilemiz/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif