Тест кезеңінен босатылады: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру қағидасы өзгерді
Жарияланған күні:

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі біліктілік санаттарын беру рәсімін қайта қарау туралы бұйрықтарға өзгерістер әзірлеп, қабылдады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Өзгерістерге сәйкес:
- 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен санат мерзімдері бар;
- мерзімсіз санатты қайта ресімдейтін;
- қолданыстағы біліктілік деңгейін растайтын медицина қызметкерлерінің санаттары білімді бағалау және кейс-тест кезеңдерінен өтуден босатылады.
Бұдан басқа, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білім алған техникалық және кәсіптік білімі бар медицина қызметкерлері үшін бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, баламалы біліктілік санатындағы біліктілік деңгейі сақталады.
Бұған дейін медицина қызметкерлерінің көптеген өтінішін ескере отырып, дәрігерлердің қаржылық жүктемесін азайту мақсатында емтиханды бірінші рет қайта тапсыру кезінде төлемнен босату туралы шешім қабылданды. Мейіргерлер үшін бағалау құны 21 000 теңгеден 17 000 теңгеге дейін төмендетілді.
Медицина қызметкерлері осы бұйрық күшіне енген күннен бастап 10 күн өткен соң біліктілік деңгейін растау рәсімінен өте алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2232560-testten-bosatylady-qazaqstanda-meditsina-qyzmetkerlerine-biliktilik-sanattaryn-beru-qagidasy-ozgerdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде