RU
Денсаулық
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа басшысы тағайындалды

Жарияланған күні:

Айдын Құлсейітов
Айдын Құлсейітов: t.me/DenMinPR

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа басшысы болып Айдын Құлсейітов тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен, премьер-министрдің келісімі бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы лауазымына Айдын Құлсейітов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңа басшыны медициналық сақтандыру қорының ұжымына денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова таныстырған.

Айдын Құлсейітов Өскеменде дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Инженер-экономист" мамандығы бойынша және Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын "Мемлекеттік қызмет менеджері" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын жеке салада бастаған. Кейін мемлекеттік қызметке ауысқан. Индустрия және сауда министрлігінде, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде жұмыс істеген, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ, "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ басқарма төрағасы болған.

2017 жылдан бастап Президент әкімшілігінде бірқатар басшылық қызметтер атқарған.

Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының басшысы, Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болған.

Айта кетейік, бұған дейін Айдын Құлсейітовтің Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылғанын, оны Рақымжан Ерназардың алмастырғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2232704-aleumettik-meditsinalyq-saqtandyru-qorynyng-zhanga-basshysy-tagaiyndaldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif