jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Сақ болыңыз: жазғы ыстықта қандай тағамдардан уланып қалу қаупі бар

    Табиғаттағы пикник
    Табиғаттағы пикник. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ыстық ауа райында кейбір тағам тез бұзылып, адамның уланып қалу қаупі арта түседі. Осы орайда Аlmaty.tv тілшілері NEWS.ru-ға сілтеме жасап, тез бұзылатын тағамдар тізімін назарға ұсынды.

    Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде улануға жиі себеп болатын өнімдер — крем жағылған торттар мен тәттілер. Егер олар дұрыс сақталмаса, кремнің ішінде қауіпті бактериялар, соның ішінде сальмонелла тез көбейеді. Сол сияқты, сүт өнімдерінде де температура режимі бұзылса, стрептококк секілді микроағзалар жылдам көбейе бастайды.

    Сақтықты қажет ететін тағы бір өнім — ет тағамдары. Жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген ет ыстықта тез сасып, улануға себеп болуы мүмкін. Жалпы, жазда барлық азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімі қысқа болады. Сондықтан сақтау тәртібі қатаң болуы қажет.

    Улану түрлі бактерияның әсерінен болуы мүмкін. Әдетте мынадай белгілер арқылы байқалады:

    • дене қызуының көтерілуі;
    • әлсіздік, қалтырау;
    • жүрек айну, құсу;
    • іш өту;
    • іштің ауыруы.

    Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгіну керек. Сонымен қатар дәрігерлер уланған адам айналасына да инфекция жұқтыруы мүмкін екенін ескертеді.

    Сақ болыңыз: жазғы ыстықта қандай тағамдардан уланып қалу қаупі бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.