jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда медицина қызметкерлері өз қауіпсіздігі үшін емделушілерді видеоға түсіретін болды

    дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: kokouu / Getty Images

    Дәрігерлер өз қабылдауына келген пациенттерді және оларға медициналық көмек көрсеткен сәтін видеоға түсіре алады. Мұндай шешім медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылатын шаралар туралы айтты.

    "Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2100 жедел жәрдем бригадасы бейнежетондармен және 644 аурухананың қабылдау бөлімі бейнетіркегішпен қамтамасыз етіледі", - деді Денсаулық сақтау министрі.

    Ведомство басшысының айтуынша, министрлік облыс әкімдеріне 2026 жылы кадр тапшылығы сезілетін өңірлерде тапшы мамандыққа ие дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етуді тапсыруды ұсынбақ.

    Қазақстанда медицина қызметкерлері өз қауіпсіздігі үшін емделушілерді видеоға түсіретін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.