jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Неге адамдар күзде жиі күйзеліске түседі: отандық психолог "күзгі апатиямен" күресудің жолдарын айтты

    Күйзеліске түскен ер адам. Көрнекі сурет
    Күйзеліске түскен ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Күз келісімен күн қысқарып, ауа райы салқындап, адамдардың көңіл күйінде өзгерістер байқалып жатады. Біреулер жалқаулыққа берілсе, енді бірі еш себепсіз шаршағыш, ашушаң болып кетеді. Бұл құбылысты мамандар "күзгі апатия" деп атайды. Психолог практик Іңкәр Төлегенова Jibek joly телеарнасындағы "Бүгін LIVE" бағдарламасына сұхбат беріп, күзгі көңілсіздіктің себептері, белгілері және оны жеңу жолдары туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Апатия мен депрессияны шатастыруға болмайды. Апатия маусымдық өзгерістерге байланысты болса, депрессия көбіне адамның ішкі жарақаттарынан туындайды", - дейді психолог.

    Оның сөзінше, күзгі көңілсіздіктің негізгі себебі – күннің қысқарып, түннің ұзаруы, биологиялық ырғақтың өзгеруі. Бұған қоса, жазғы демалыстан кейінгі жұмысқа бейімделу кезеңі де адам психологиясына әсер етеді.

    Психолог апатиядан шығудың бірнеше жолын атады:

    • демалысқа уақыт бөлу қажет;
    • позитивті ойлауды дағдыға айналдыру керек;
    • спортпен шұғылданып, күн сәулесін көбірек қабылдаған жөн;
    • дұрыс тамақтану мен дәрумендерді қолдану маңызды;
    • жақындармен қарым-қатынасты үзбеу қажет.

    Егер көңілсіздік үш аптадан ұзаққа созылса, психолог мамандарға жүгінуге кеңес береді.

    Неге адамдар күзде жиі күйзеліске түседі: отандық психолог "күзгі апатиямен" күресудің жолдарын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.