jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Зейнетақы жарнасын тіс емдету үшін пайдалану: Денсаулық сақтау министрлігінің нақты шешімі шықты

    тіс емдету
    Тіс емдету. Көрнекі фото: pixabay.com

    Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жарнасын стоматологиялық қызметтердің ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты нақты шешімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Стоматологиялық қызметтерге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару фактісі көбейгеніне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізеді.

    "Жобада протездеу және тістерді импланттау сияқты стоматологиялық қызметтерге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді. Шешім медициналық құжаттарды фальсификациялау және зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланудың көптеген жағдайына байланысты", - делінген құжат жобасында.

    Стоматологиялық қызметтерге ақы төлеуге берілген өтінімдерді талдау қорытындысы бойынша азаматтар қаражатының бір бөлігі алаяқтық схемалар арқылы бірқатар клиникалардың пайдасына шығарылған. Осыған байланысты, биыл 15 қыркүйектен бастап банк зейнетақы қаражатының есебінен медициналық көмектің осы түрін қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды тоқтатылды.

    Отбасы Банкінің ақпараты бойынша, 2021 жылдан бастап 2025 жылғы 20 тамызға дейінгі кезеңде платформа арқылы enpf-otbasy.kz тек "стоматологиялық қызметтер"мақсаты бойынша 757 млрд теңге сомасына 795 424 транзакция жүргізілді. Талдау көрсеткендей, 222 млрд теңгеден астам қаражат ТОП-20 стоматологиялық клиникаға жіберілді. Негізгі клиникалардың бөлігі Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан.

    Аталған кезеңде Отбасы банкіне 29 797 өтінім берілді, оның 88,3 пайызы немесе "стоматологиялық қызметтер" мақсаты бойынша 26 312 өтінім берілген.

    Еске сала кетейік, "Отбасы банк" өкілдері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану үшін өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын мәлімдеген еді. Банктегілер enpf-otbasy.kz платформасы арқылы стоматологиялық қызметтерге өтінім беру мүмкіндігі 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылатынын хабарлаған.

    Сондай-ақ БЖЗҚ-дан тіс емдеуге 35 млн теңге алған қазақстандық туралы жазған едік.

    Зейнетақы жарнасын тіс емдету үшін пайдалану: Денсаулық сақтау министрлігінің нақты шешімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.