jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елімізде жоғары сынып оқушыларын гинекологиялық тексеруден өткізу мәселесі қарастырылып жатыр

    Гинеколог кабинеті
    Дәрігер кабинеті. Көрнекі фото: pixabay.com

    Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәжіліс кулуарында сабақ үстінде босанып қала жаздаған оқушыға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Журналистер вице-министрден тоғызыншы сынып оқушысы үш рет медициналық тексеруден өткеніне қарамастан ақтөбелік дәрігерлер оның жүктілігін қалай байқамай қалғанын сұрады.

    "Тиісті медициналық тексеру болған жоқ. Наурыздың басында скрининг қана болды. Ол кезде жүктіліктің ерте кезеңі болғандықтан анықталған жоқ. Бірақ скринингке акушер-гинекологтар емес, офтальмологтар мен отоларингологтар тартылды. Оны мұғалімдер де, ата-аналар да білмеді ғой. Оның үстіне қыз да шағымданбаған, ешкім оны арнайы тексерген жоқ", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

    Жалпы, оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай жағдайдың алдын алуға бағытталған бірқатар шара қарастырылуда.

    "Енді біз жоғары сынып оқушыларының гинекологтар мен акушерлердің тексеруінен өтуін қарастырамыз. Тексеру енгізуіміз мүмкін. Бірақ бұл (шешімнің – ред.ескертпесі) аталған оқиғаға қатысы жоқ", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысы босанғанын жазғанбыз. Тергеу шаралары аясында нәрестенің әкесі деген күдікті анықталып, қамауға алынды.

    Сондай-ақ бұған қатысты Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеме жасаған еді.

    Елімізде жоғары сынып оқушыларын гинекологиялық тексеруден өткізу мәселесі қарастырылып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.