Денсаулық сақтау министрі ұшақта көмек көрсеткен жолаушы белгілі журналист болып шықты (видео)
Опубликовано:
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ бортында көмек көрсеткен жолаушы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай болып шықты. Бұл туралы БАҚ өкілі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасында арнайы видео жариялап, ұшақта болған оқиға туралы баяндады.
Журналистің айтуынша, таңғы 6:30-да ұшаққа отырған кезде кенет басы айналып, көзі қарауытып, өзін жайсыз сезінген. Өз-өзіне келген кезде қасында көмек көрсетіп жүгіріп жүрген адамдарды байқаған.
Кейін белгілі болғандай, журналистке алғашқы көмек көрсеткен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова болып шықты.
Алайда желіде тараған видеодан кейін қоғам пікірі екіге жарылған. Бірі бұл дайындалған сценарий, PR десе, келесі топ министр ең алдымен дәрігер екенін, өзінің міндетін атқарғанын жазған.
Ал журналист бұл ешқандай да сценарий емес екенін, дәл сол орында отырған жолаушы өзі екенін айтты.
"Мен дәл осы рейсте, эконом класта 17J орындa отырған жолаушы ретінде денсаулығым кенет сыр бергенде шын жанашыр болған барша жақсы жанға алғыс айтқым келеді. Оқиға сәтімен аяқталды.
Дер кезінде жанымнан табылған еліміздегі нөмірі бірінші дәрігер Ақмарал Әлназароваға мың алғыс айтқым келді. Жерде, кемеде, әуеде аман болайық", - деді Гүлмира Әбіқай.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2314164-densaulyq-saqtau-ministri-ushaqta-komek-korsetken-zholaushy-belgili-zhurnalist-bolyp-shyqty-video/