jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Небәрі 23 жаста еді": Денсаулық сақтау министрі Алматыда қаза тапқан фельдшерге жазба арнады

    Насиба Жаңабаева
    Насиба Жаңабаева. Фото: instagram.com/akmaralalnazarova

    Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram желісіндегі парақшасында Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан фельдшер туралы жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қайтыс болған дәрігердің аты-жөні Жаңабаева Насиба Мұхтарқызы. Әлназарова әріптесінің қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтті.

    "Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.

    Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды.

    Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр.

    Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне жол апаты салдарынан жедел жәрдем қызметінің фельдшері қайтыс болғанын хабарлаған еді.

    "Небәрі 23 жаста еді": Денсаулық сақтау министрі Алматыда қаза тапқан фельдшерге жазба арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.