jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Ұзақ күттік": Ақмола облысында алғаш рет аутизмі бар балаларды тегін қолдау орталығы ашылды

    Ақмола облысында алғаш рет аутизмі бар балаларды қолдау орталығы ашылды
    Орталық. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

    Көкшетау қаласында аутизмі (аутистік спектрдің ерекшеліктері) бар балаларды қолдау орталығының тәуліктік және күндізгі бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

    Жаңа орталық екі қабатты ғимаратта орналасқан, онда оқу сыныптары, ойын бөлмелері, жатын бөлмесі және асхана жабдықталған. Ғимараттың жобалық қуаты – 30 орын, алайда педагогтер 50 балаға дейін қабылдауға дайын.

    Орталық аутистік спектрдің бұзылыстары бар балалар үшін тегін кешенді түзету-дамыту бағдарламасын және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың жан-жақты дамуына, әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға кірігуіне жағдай жасайды. Бұл әр баланың жеке қажеттіліктеріне сай сапалы білім беру мен тәулік бойғы күтімді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

    "Біз қызымыздың дамуына жағдай жасау үшін ауылдан облыс орталығына көшіп келдік. Ол түзету кабинетінде және жеке орталықта сабақ алады. Мемлекеттік орталықтың ашылғанына қуаныштымыз, мұнда біздің ерекше баламыз толыққанды даму мүмкіндігіне ие болады. Біз бұл орталықтың ашылуын ұзақ күттік", – деп өз пікірін білдірді Майра Штир.

    Педагогикалық ұжымның жоспарында – мәдени-көпшілік шараларға бару және экскурсиялар ұйымдастыру. Осы мақсатта орталыққа салтанатты түрде шағын автобустың кілті табысталды.

    Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 13,5 мыңнан астам ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала тұрады, олардың ішінде аутистік спектрдің бұзылыстары бар 824 бала бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 191 балаға көп.

    "Ұзақ күттік": Ақмола облысында алғаш рет аутизмі бар балаларды тегін қолдау орталығы ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.