jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    2026 жылы МӘМС жүйесіне маңызды өзгеріс енгізіледі

    Damumed қосымшасы
    Damumed қосымшасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    МӘМС жүйесіне бес жыл төлем жасағаннан кейін жарна аударуды тоқтатқан тұлғалардың сақтандырылғаны туралы мәртебесі алты айға дейін сақталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

    Өзгеріс 2026 жылдан бастап күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұрын бұл кезең үш ай болатын.

    "2026 жылдан бастап МӘМС жарналарын бес жыл ішінде өз бетінше және үзіліссіз төлеген азаматтар үшін төлем жасау уақытша тоқтағаннан кейін "сақтандырылған тұлға" мәртебесін сақтаудың жеңілдікті кезеңін алты айға дейін ұзарту көзделген", - делінген министрлік хабарламасында.

    Министрлік хабарламасына сүйенсек, бұл шара халықты МӘМС жүйесімен барынша қамтуға және уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарды қолдауға бағытталған.

    Ескеретін жайт – "сақтандырылған тұлға" мәртебесін жоғалтпау үшін төлем жасалмаған кезеңдер үшін жарналарды төлеу қажет.

    2026 жылы МӘМС жүйесіне маңызды өзгеріс енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.