"Әр бесінші медицина қызметкері зейнет жасына таяп қалды: депутат кадр тапшылығы қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді
Опубликовано:
Читать на русском
Мәжіліс отырысында депутат Гүлдара Нұрым кадр тапшылығына байланысты елімізде денсаулық сақтау саласы әлсіреуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық жағдай шиеленіскен.
"Ресми деректерге сәйкес, елдегі әр бесінші медицина қызметкері зейнет жасына таяп қалған. Ауылдық жерлерде олардың саны айтарлықтай көп. Біз кадрлық құлдыраудың алдында тұрмыз, бұл мемлекеттік тұрғыда маңызды мәселелерді шешудегі енжарлықтың нәтижесі" - деді депутат.
Гүлдара Нұрым бұрын ауылдағы жас медицина қызметкерлеріне берілетін жәрдемақыны 100 еселенген ең төменгі жалақыға дейін арттыру туралы шешім қабылданғанын, бірақ бағдарлама толық жүзеге асырылмай жатқанын атап өтті.
"Тетіктері нақты көрсетілген, қаражат бөлінуі керек, бірақ жергілікті атқарушы органдардың баяулығына байланысты жас мамандар уәде етілген қолдаудан қағылып қалып отыр", - деді депутат.
Депутат өз сауалында 100 еселенген ЕТЖ (8,5 млн теңгеден астам) төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған және оның нақты себебі көрсетілген барлық аймақтың тізімін сұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз