jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ДСМ қауіпті Нипах вирусына байланысты мәлімдеме жасады

    маска таққан қыз
    Маска таққан қыз. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Денсаулық сақтау министрлігі Үндістанда таралып жатқан қауіпті Нипах вирусына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелмеген. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда.

    "Сонымен қатар профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.

    Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады", - делінген хабарламада.

    Министрліктің мәліметінше, медициналық ұйымдар дайындыққа келтірілген.

    "Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың, жеке қорғану құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қорлары қалыптастырылды", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ министрлік эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтауды және қайтып келгеннен кейін ауру белгілері пайда болған жағдайда дәрігерге болған елі туралы хабарлай отырып, дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынады.

    Министрлік берген анықтамаға сәйкес, Нипах вирусы зоонозды инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ ауру жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған жағдайда жұғады. Вирус ластанған тағамдар мен сусындар арқылы да берілуі мүмкін.

    Ауру белгілері: жоғары температура, бас ауруы, жалпы әлсіздік, ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесінің зақымдалуы және пневмония.

    Бүгінде Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ, медициналық көмек симптоматикалық болып табылады.

    ДСМ қауіпті Нипах вирусына байланысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.