jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ДДСҰ өкілдері Нипах вирусының таралу қаупіне қатысты сұраққа жауап берді

    Женевадағы ДДСҰ ғимараты
    Женевадағы ДДСҰ ғимараты. Фото: Kyodo News / Getty Images

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Нипах вирусы одан әрі таралады деген болжамды жоққа шығармайды, өйткені вирус әлі толық зерттелмеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

    ДДСҰ-ның Женевадағы ресми өкілі Тарик Жазаревич журналистердің Нипах вирусының таралу мүмкіндігі туралы сұрағына жауап берді.

    "Инфекция көзі әлі толық зерттелмеген. Үндістан мен Бангладештің кейбір бөліктерінде, соның ішінде Батыс Бенгалиядағы жарқанаттар популяциясында Нипах вирусының белгілі резервуарын ескерсек, Нипах вирусы одан әрі таралуы мүмкін", - деді ол.

    Жазаревичтің айтуынша, құрма пальмасының шырынын ішу сияқты қауіп факторлардан сақтанып жүру туралы қоғамды ескертуді қолға алу қажет.

    Еске сала кетейік, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Үндістанда таралып жатқан қауіпті Нипах вирусына байланысты ресми мәлімдеме жасаған еді.

    ДДСҰ өкілдері Нипах вирусының таралу қаупіне қатысты сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.