jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада балалар арасында қызылша ауруы өршіді: екпе алмағандар ауруханаға жатқызылмайды

    аурухана
    Медициналық құралдар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада балалар стационарларға қызылшаға қарсы екпе алса ғана жатқызылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қаласы мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сілтеме жасап.

    Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысы жарияланды. Қаулыда Астана бойынша соңғы үш апта ішінде қызылшамен аурудың 403 расталған жағдайы тіркелгені көрсетілген.

    Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,8 есе өскені байқалған. Департамент мәліметінше, науқастардың 96 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

    "Ауру жұқтырғандардың 95 пайызы (385 жағдай) – егілмеген балалар. Оның ішінде егуден бас тарту себебінен – 257 жағдай (63,8 пайыз); жасына жетпеуіне байланысты егілмегендер – 112 бала (28 пайыз); егу мүмкіндіктерін өткізіп алу – 9 жағдай (2 пайыз); медициналық қарсы көрсетілімдер – 7 жағдай (1,8 пайыз). Қызылшаға қарсы вакцинация туралы деректері жоқ адамдар арасында – 18 жағдай (4,4 пайыз)", - делінген құжатта.

    Астана қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері осы қаулымен қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысына:

    • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қызылшаға қарсы егілу деңгейіне талдау жүргізуді, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) келісімін алғаннан кейін екпе алмаған балалар мен жасөспірімдерге қосымша иммундау жүргізуді;
    • 55 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер арасында қызылшаға қарсы егілу мәртебесіне талдау жүргізуді; вакцинациясы жоқ немесе егілу мәртебесі белгісіз болған жағдайда, егілетін тұлғаның ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін қызылшаға қарсы вакцинация жүргізуді қамтамасыз етуді;
    • Ата-аналардың (заңды өкілдердің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін, 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакцинация жүргізуді;
    • 1 жастағы және 6 жастағы нысаналы жас топтарындағы балаларды қызылша, қызамық және паротитке қарсы профилактикалық егулермен қамтудың оңтайлы деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуді;
    • Мектепке дейінгі балалар ұйымдары, мектептер, арнаулы орта/жоғары оқу орындары және басқа да ұйымдарда қызылшаның бастапқы жағдайы туралы ақпарат алынған кезде, анықталған сәттен бастап 72 сағат ішінде, егу анамнезін ескере отырып және медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, осы ұйымдастырылған ұжымдағы егуге жататын барлық контингентке шұғыл иммундауды қоса алғанда, санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жедел ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етуді;
    • Байланыстағы тұлғаларды күнделікті медициналық бақылауда ұстау: теріде макулопапулёзды бөртпелердің бар-жоғын қарау, дене температурасын өлшеу және шағымдары туралы сұрау жүргізу, алынған мәліметтерді медициналық бақылау журналына тіркеп, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін бақылауды жалғастыруды қамтамасыз етуді;
    • Балалар стационарларына тек қызылшаға қарсы вакцинациясы болса ғана жатқызуды;
    • қызылша ауруының мәселелері бойынша әкімдік жанындағы қалалық штабтың отырыстарын апта сайынғы негізде өткізуді тапсырды.
    Астанада балалар арасында қызылша ауруы өршіді: екпе алмағандар ауруханаға жатқызылмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.