Қауіпті Нипах вирусы: Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапар кезінде нені ескеру керек
Опубликовано:
Читать на русском
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне саяхаттауды жоспарлап отырған қазақстандықтарға Нипах вирусына байланысты нені ескеру керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Санитарлық дәрігерлер Нипах вирусының алдын алу және оның елге әкелінуіне жол бермеу бойынша туристерге арналған ұсынымдар дайындаған.
Оңтүстік-Шығыс Азияның эндемиялық елдеріне сапар кезінде:
- жарқанаттармен, шошқалармен және басқа да жануарлармен байланыстан аулақ болу;
- жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды сабынмен жииі жуу немесе антисептиктерді қолдану;
- тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану;
- шикі құрма шырынын ішпеу немесе жануарлар ластаған болуы мүмкін өнімдерді тұтынбау;
- жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуу және тазалау қажет.
"Ауру белгілері байқалса, мысалы жоғары температура, жөтел немесе қатты бас ауруы пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну керек", - делінген санитарлық дәрігерлер үндеуінде.
Естеріңізге сала кетейік, қауіпті Нипах вирусы Үндістанның Калькутта қаласына жақын жерде тіркелген еді. Батыс Бенгалия шататында бес адам вирус жұқтырған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелмеген. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2339496-qauipti-nipah-virusy-ongtustik-shygys-aziia-elderine-sapar-kezinde-neni-eskeru-kerek/