"Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен": халыққа тегін берілуге тиіс дәрілер дәріханаларда сатылған
Опубликовано:
Таңбалау жүйесі мемлекеттік бюджет есебінен алынған 15 мыңнан астам препараттың коммерциялық секторға шығып кеткенін, оның ішінде 750-ден астам қаптаманың жарам мерзімі өтіп кеткенін әшкереледі. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Телеарна хабарлауынша, препараттар бірыңғай таратушы арқылы медициналық ұйымдарға жеткізіліп, жүйеде халыққа тегін берілгендей болып тіркелген. Алайда біраз уақыттан кейін сол дәрілер белгісіз жолмен дәріхана сөрелеріне қайта шығып, сатылымға қойылғаны анықталды. Сонымен қатар жүйе 6 жарым мыңнан астам таңбалау кодының бірнеше рет пайдаланылғанын тіркеп, оның жалпы қолданылу саны 385 мыңнан асқанын көрсетті. Енді заңды бұзуға жол бергендер қомақты айыппұл арқалауы мүмкін.
"Қазір тек қана айыппұл мен арнайы жауапкершілік көзделген. Қаржы мониторингі агенттігіне істі жолдадық. Енді сонымен қатар сол кісілермен де тағы да тексеріс жүргіземіз. Ең басты мәселе — бюджет есебінен алынған дәрі-дәрмектің дәріханада қайта сатылуы бюджет заңнамасының бұзылуы", - деп пікір білдірді Медицина және фармацевтиканы бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2340627-zharamdylyq-merzimderi-otip-ketken-halyqqa-tegin-beriluge-tiis-dariler-darihanalarda-satylgan/