jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте медқызметкерлер сүтке тұншығып қалған 2,5 айлық сәбиді құтқарып қалды

    Көрнекі
    Нәресте. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Шымкентте жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандары сүтке тұншығып қалған сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 1 ақпанда сағат 00:14-те 103 пультіне шұғыл шақырту түскен.

    Шақыртуға жедел жәрдем бригадасы небәрі 6 минутта барған. Медицина қызметкерлері келгенде сәби дем алмай, ес-түссіз жатқан, сондай-ақ тамыр соғысы да сезілмеген.

    Анасының айтуынша, қосымша тамақ бергеннен кейін 15-20 минут өткен соң баласы лоқсып, тұншыға бастаған. Ол қорылдап, көгере бастағанда дереу қолына алып, жедел жәрдем шақырған.

    Дәрігер мен фельдшер бірден реанимациялық көмек көрсетіп, екі-үш минут ішінде сәбидің жүрек соғысы мен тыныс алуын қалпына келтірген.

    Алғашқы медициналық көмектен кейін кішкентай пациент Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер бақылауына алған.

    Шымкентте медқызметкерлер сүтке тұншығып қалған 2,5 айлық сәбиді құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.