jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда өткен донорлық акциясы аясында рекордтық нәтиже тіркелді

    Қан тапсырып жатқан донор
    Донор. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда "Мейірімділік эстафетасына" бір күнде 94 адам келіп, 60 тұрғын қан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Дәрігерлердің сөзінше, медициналық мекемелерде қан мен оның компоненттеріне сұраныс жоғары. Мамандар "донорлық қордың тұрақты толығуы – көптеген науқастың өмірін сақтап қалудың кепілі" дейді.

    "Қан орталығында қанға, донорларға тапшылық болса, медицина мекемелер қаннан жасалатын дәрі-дәрмек пайдаланады", – деді Алматы қалалық Кардиология орталығының директоры Ермағамбек Қуатбаев.

    Биыл Денсаулық сақтау министрлігі ақпанды донорлық айы деп жариялады. Содан бері барлық өңірде қан тапсыру акциялары жиіледі. Мамандардың сөзінше, денсаулығы жақсы кез келген азамат өз еркімен донор бола алады. Іс-шара қан тапсыру үрдісінің қоғамға маңызын түсіндіруді мақсат етіп отыр.

    "Акцияны естіп, өз еркіммен донор болғым келді. Дәрігерлер қан тобымды қарады, денсаулығымды көрді. Қан қысымымды өлшеп, донор болуға жіберді. Бірінші рет тапсырып жатырмын, қорқыныш болды, бірақ өзімді жақсы сезініп тұрмын", – деді қала тұрғыны Айжан Кенжебек.

    Алматыда өткен донорлық акциясы аясында рекордтық нәтиже тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.