jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дайын тағамға онлайн тапсырыс бергенде нені ескеру қажет: санитариялық дәрігерлер кеңес берді

    тапсырыс
    Тапсырыс. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері қазақстандықтарға дайын тағамды онлайн тапсырыс беру арқылы алдырғанда неге мән беру қажет екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайты дайын тағамға онлайн тапсырыс беруде маңызды ережелерге тоқталды.

    СЭБ мамандарының айтуынша, интернет арқылы дайын тағамға тапсырыс бергенде тағамнан уланудың алдын алу және денсаулықты сақтау үшін қарапайым сақтық шараларын сақтау маңызды.

    Тексерілген, сенімді мекемелерді таңдаңыз

    • тапсырысты тек ресми түрде жұмыс істейтін, жақсы және оң пікірлері бар кафе мен мейрамханалардан беріңіз;

    Жеткізу шарттарына назар аудару қажет

    • жеткізу уақыты тым ұзақ болмауы тиіс;
    • ыстық тағамдар ыстық күйінде, салқын тағамдар салқындатылған күйде жеткізілуі керек;
    • қаптамасы бүтін, таза және герметикалық түрде жабық болуы қажет;

    Тамақтың түрі мен иісін тексеріп алу қажет

    • бөгде немесе жағымсыз иіс болса;
    • қаптамасы ашылған болса тағамды тұтынбаңыз.

    Құрамын нақтылау керек

    • аллергиясы немесе созылмалы аурулары бар адамдарға, сондай-ақ балаларға тағамның құрамын және ықтимал аллергендердің бар-жоғын алдын ала нақтылау қажет;

    Ұзақ сақтамау қажет

    • дайын тағамды жеткізілгеннен кейін дереу тұтынған жөн.

    Осы ұсыныстарды сақтау тағамнан улану қаупін азайтуға және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

    Дайын тағамға онлайн тапсырыс бергенде нені ескеру қажет: санитариялық дәрігерлер кеңес берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.