jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Дәрілік заттар бағасының жаппай өсіп жатқаны рас па: бақылау комитеті мәлімдеме жасады

    дәрілік заттар
    Дәрілік заттар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желілерде дәрілік заттар бағасының жаппай өсіп жатқаны туралы ақпарат таралған. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Комитеттің мәліметінше, таралған мәліметтер жүргізілген мониторингтің нақты деректеріне сәйкес келмейді.

    Ведомство 2025 жылдан бері елімізде дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі іске асырылып жатқанын еске салды.

    "Бұл тетік баға қалыптастырудың ашықтығын, объективтілігін арттыруға бағытталған.

    Қазіргі уақытта 4994 сауда атауындағы дәрілік заттарға шекті бағалар бекітілген. Сонымен қатар 1707 рецептісіз босатылатын препарат мемлекеттік реттеуден шығарылып, уәкілетті органдардың тұрақты мониторингі жағдайында нарықтық бағамен сатылып жатыр", - делінген хабарламада.

    Комитеттің дерегінше, Қазақстанның 20 өңірінде жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша: қыркүйек айында маусыммен салыстырғанда позициялардың 34 пайызында баға төмендеген (орта есеппен 7,8 пайызға). Ал қазан айында позициялардың 50 пайызында бағаның төмендеуі тіркелген (орта есеппен 11,1 пайызға).

    Бағаның айтарлықтай төмендеуі келесі препараттар бойынша байқалған:

    • Гепар комп. Хеель – 41,2 пайызға;   
    • Ревмоксикам® – 32,5 пайызға;
    • Цефяпс – 31,6 пайызға;   
    • ВАЛМАК-Н – 24,7 пайызға;    
    • Зитмак® – 20,0 пайызға.

    "Комитет еліміздің барлық өңірінде дәрілік заттар бағасына жүйелі мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Белгіленген шекті бағаларды асыра сату фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.

    Бағаны негізсіз көтеру немесе дәрілік заттарды өткізу кезінде заңбұзушылықтар туралы DariKZ мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменттеріне жүгіну арқылы хабарлауға болады. Барлық өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

    Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне және тексерілген деректерге сүйенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

    Дәрілік заттар бағасының жаппай өсіп жатқаны рас па: бақылау комитеті мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.