jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    24 жастағы алматылық жігіт жыныс мүшесін кесіп, қыз болуды армандаған

    : UGC

    Алматы, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында пластикалық ота жасап жүрген хирург Ибрагим Браловқа жыныс алмастыруға қатысты өтінішпен келгендер бар. Бірнеше жылдан бері пластикалық хирургиямен айналысып келе жатқан дәрігер өзінен "қызтекелердің" де көмек сұрайтынын жасырмай айтты деп жазады NUR.KZ.

    Көрнекі фото: ok.ru
    Көрнекі фото: ok.ru: UGC
    "Менің тәжірибемде ондай оқиғалар болды. Өтініш айтып, бір-екі адам келген шығар. Ол адамдармен әңгімелесіп, тек өзіне сенімді болуға кеңес береміз.

    Себебі біз ондай оталар жасамаймыз, оған аппараттарымыз да жоқ. Иә, екі жігіт келді. Сырт қарағанда өте сымбатты, еш күдік туғызбайды.

    Оның бірі Алматыдан, екіншісі Ресейден. Қателеспесем алматылық жігіт 24 жаста, Ұзақ сөйлестім. Ойынан айнытуға тырыстым. Екіншісі Ресейден келді. Ол 30 жастан асқан ер адам", - дейді дәрігер Ибрагим Бралов.

    Дәрігер жыныс мүшесін өзгертетіндердің қалған өмірі мүгедектің тірлігінен кем болмайтынын жасырған жоқ.

    "Әр адамның өз құпиясы болады. Ол көп ашыла бермеуі де мүмкін. Өз көршіміз туралы да ештеңе білмей жатамыз.

    Ондай қадамға барған адамдар өмір бойына гормонмен отыратын болады.

    Үлкен көлемдегі гормондар керек болады. Мен мұндай оталарды қолдамаймын. Маған адамдарға сұлулық сыйлаған ұнайды. Жаңағыдай өтініш жасады екен деп адамдарды мүгедек қылуға келіспеймін", - дейді Бралов.
    24 жастағы алматылық жігіт жыныс мүшесін кесіп, қыз болуды армандаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.