jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шымкентте шетелден келген отбасы белгісіз заттан уланып, екі баланың анасы қайтыс болды (видео)

    Жедел жәрдем
    Фото: pixabay.com

    Өзбекстаннан Шымкентке қонақтап келген отбасы белгісіз заттан уланып, салдарынан 36 жастағы әйел көз жұмған. Тағы екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Астана арнасы.

    Телеарнаның мәліметінше, өзге елден келген қонақтар хостелге тоқтаған, олар қалаға пойызбен келген.

    Ал таңертең барлық отбасы мүшелері өздерін нашар сезінген. Дегенмен 36 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмаған. 11 және 5 жастағы екі бала жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

    Отбасы тұрған бөлмеде мамандар дұрыс орнатылмаған сужылытқышын тапқан.

    Сондай-ақ, уланудың себебі тамақ болуы мүмкін екендігі де жоққа шығарылмауда. Кей мәліметтерге сәйкес, әйел баклажан жеген. Тағам үлгілері сараптамаға жіберілді.

    "Қазіргі уақытта балалар медициналық мекемеде. Бір баланың жағдайы орташа, екіншісі әлі жансақтау бөлімінде", - дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бахадыр Расулов.

    Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бұрын Шымкентте бес адамнан тұратын отбасы белгісіз заттан уланып қалған болатын. Өкінішке қарай, екі сәбиді құтқару мүмкін болмады. Бірнеше айдан кейін осындай жағдай қаланың басқа ауданында орын алып, бір бала көз жұмды.

    Кейін белгілі болғандай, қайғылы жағдай тыйым салынған препаратпен жәндіктерді улаудан кейін болған. Өткен жылдың қазан айында жәндіктерді улау жұмысын жүргізген азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

    Шымкентте шетелден келген отбасы белгісіз заттан уланып, екі баланың анасы қайтыс болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.