Алматыда Испания мен Австрияның жетекші кардиологтарының жетекшілігімен төрт күрделі ота жасалды (фото)
Жарияланған күні:

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Испания мен Австрияның жетекші интервенциялық кардиологтардың жетекшілігімен күрделі оталар жасалды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында шеберлік сабағы аясында еліміздің интервенциялық кардиологтарының қатысуымен Испанияның Хосе Ф.Диас Фернандес және Австрияның Аурель Тома сияқты жетекші интервенциялық кардиологтарының жетекшілігімен соңғы буын өздігінен кеңейетін клапан орнату арқылы (Алматыда алғаш рет) TAVI операциялары және дәрі-дәрмекпен қапталған баллондарды қолдану арқылы күрделі араласулар жасалды.
Инновациялық TAVI әдісі қолқа қақпақшасының ашық хирургиясы кезінде асқынулар мен өлім қаупі жоғары ауыр қолқа стенозы бар науқастарға арналған. Оның бірегейлігі - әдістің инвазивті сипатында ғана емес, сонымен қатар имплантацияланған клапандарда.
Транскатетерлі қолқа қақпақшасын имплантациялау жүйесі соңғы буынды өздігінен кеңейетін клапаннан және икемді жеткізу жүйесінен тұрады. Навитор - өздігінен ашылатын жалғыз клапан. Бұл сипаттамалар имплантацияның оңтайлы тереңдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қайта жасалатын операциялар қаупі айтарлықтай төмендейді. Клапанның артықшылықтары - қауіпсіз операциялар жасауға, ең жақсы клиникалық нәтижелерге қол жеткізуге және пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Екінші шеберлік сағатының қатысушылары коронарлық артериялардың зақымдануының күрделі жағдайларын емдеудің озық әдістерімен танысудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Дәрі-дәрмек шығаратын баллондарды қолдану көрсеткіштерін кеңейту - жетекші интервенциялық кардиологиядағы трендтердің бірі. Егер бұрын олар негізінен рестеноздар үшін қолданылса, бүгінгі күні жақсы клиникалық нәтижелер беретін созылмалы окклюзиялар үшін тиімді қолданылады. Әлемдік медициналық зерттеулердің соңғы нәтижелері кейбір жағдайларда коронарлық стентсіз жасауға болатынын көрсетті.

"Біздің испаниялық және австриялық әріптестеріміз - әлемдегі ең танымал мамандар. Біз оларды инновациялық технологиялармен алмасуға шақырдық. Қазақстанның медицинасы әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларынан қалмай, заман ағымына сай ілгері жылжып келеді. Мұндай күрделі операцияларды хирургиялық әдістерді шеберлікпен меңгерген мамандар ғана жасайды. Бізде жоғары білікті мамандар мен қажетті құрал-жабдықтар бар", - деді басқарма төрағасы Марат Пашимов.

"Біз осындай операцияларды жасаймыз және біздің институт басшылығының барлық қажетті шығын материалымен қамтамасыз етуінің арқасында оларды жоғары деңгейде орындай аламыз. Операциядан кейін жүрек толық жұмыс істейді. Науқастар ауырсынудан, қатты ентігуден құтылады, олардың өмір сүру сапасы жақсарады", - деп, атап өтті рентгеноперблоктың меңгерушісі Алексей Колесников.
4 ота жасалды, барлығы сәтті өтті. Оның ішінде 84 жастағы науқас та бар. Ол кісі 2-қабатқа көтерілгенде ентігіп, тыныштықта да жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріліп, тұрғанда басы айналған. Қазір өзін жақсы сезінеді, ол дәрігерлер Алексей Евгеньевичке, Виталий Сергеевичке алғысын жаудырды. Ал 77 жастағы науқас, 10-20 метр жүргенде де ауа жетпей қалатын, тұншығып, тез шаршап қалатын, басы айналып, өзін жайсыз сезінетін, қазір өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Ол дәрігерлер Алексей Колесников, Әсел Ілиясоваға алғысы шексіз екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2222348-almatyda-ispaniia-men-avstriianyng-zhetekshi-kardiologtarynyng-zhetekshiligimen-tort-kurdeli-ota-zhasaldy-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде