RU
Денсаулық
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қызылша мен көкжөтелге қатысты елдегі эпидемиологиялық жағдай қандай

Жарияланған күні:

Дәрігер науқасты қарап жатыр
Дәрігер мен қызылша жұқтырған әйел. Көрнекі фото: Marina Demiduik/Getty Images

Қазақстанда көкжөтел мен қызылша сынды барлық негізгі инфекциялық ауру бойынша жағдай тұрақты деп бағаланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Иммундауды күшейту жөніндегі шаралар, профилактикалық жән эпидемияға қарсы іс-шаралар қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

2025 жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 273 жағдайы тіркелді, оның ішінде қаңтар айында 168 жағдай анықталды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 98,2%-ға төмен. Соңғы аптада қызылшаның 59 жағдайы тіркелді.

2025 жылдың басынан бері көкжөтелдің 104 жағдайы, оның ішінде қаңтарда – 69 жағдай тіркелді, бұл сырқаттанушылық деңгейінің 49%-ға төмендегенін көрсетеді. Өткен аптада көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелген", - деп жазылған министрліктің баспасөз хабарламасында.

Министрлік ақпаратына сәйкес, қызылша мен көкжөтелдің көптеген жағдайы егілмеген балалардың арасында тіркеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2223473-qyzylsha-men-kokzhotelge-qatysty-eldegi-epidemiologiialyq-zhagdai-qandai/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif