RU
Денсаулық
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ақтөбе облысында оқушылардың жаппай улануы: снек өнімдері сатылымнан алынды

Жарияланған күні:

Снектер
Снектер. Фото: t.me/DenMinPR

Ақтөбе облысында мектеп оқушыларының жаппай улану фактісіне байланысты шығу тегі күмәнді өнімдер (снектер) сатылымнан алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысындағы мектеп оқушыларының шығу тегі күмәнді өнімдерден (снектар) жаппай улану фактісі бойынша осы өнімдер сатылатын дүкендерге мониторинг жүргізген.

"Мониторинг барысында 1,5 мыңнан астам дүкен қамтылды, Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеулер үшін шығу тегі күмәнді импорттық өнімдердің (снектер) 14 үлгісі сатып алынды.

Зерттеу нәтижелері бойынша осы өнімнің құрамында дәм күшейткіштер (тағамдық қоспалар) бар екені анықталды: натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631), оларды өндірісте қолдану техникалық регламенттердің талаптарында белгіленбеген.

СЭБК атап өткендей, дәм күшейткіштері бар өнімдерді шамадан тыс тұтыну семіздікке әкеліп соқтырады, сонымен қатар аллергия, ас қорыту бұзылыстары, күйдіргі тудыруы мүмкін", - делінген ДСМ хабарламасында.

Сондай-ақ мониторинг барысында тағамдарды таңбалауда өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО туралы мәліметтер жоқ екені анықталған. Бұдан бөлек, өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалауды растайтын сәйкестік туралы декларация да болмаған.

"Аталған өнім бойынша жедел ден қою шаралары қабылданды, ол сатудан алынды. Көрсетілген тағамдарды сататын сауда нысандарына техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес таңбаланған сәйкестік туралы декларацияның міндетті түрде болуы, тамақ өнімдерін сатуға қабылдау жөніндегі талаптардың сақталуы туралы хабарламалар жіберілді.

Қазіргі уақытта осы өнімді әкелуге және сатуға тыйым салуды қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілуде", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Осы орайда, министрлік өкілдері тауарларды тексерілген сауда орындарынан сатып алуды, қаптаманың затбелгісіне, өнімнің таңбалануына назар аудару қажеттігін, онда тауардың атауы, құрамы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары көрсетілуі тиіс екенін, әртүрлі маркетплейстерден күмән тудыратын импорттық тамақ өнімдеріне тапсырыс беруден аулақ болу керектігін еске салды. Өйткені тиісті бақылаудан өтпеген тауарлар қауіпті болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2225130-aqtobe-oblysynda-oqushylardyng-zhappai-ulanuy-snek-onimderi-satylymnan-alyndy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif