jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Сара Алпысқызының денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

    Сара Алпысқызы
    Сара Алпысқызы. Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

    Тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығына қатысты тарап жатқан ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айдос Үкібайдың айтуынша, кейінгі уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылып жатыр.

    "Осыған орай ресми түсініктеме беруді жөн деп санаймын: сәуір айынан бері Сара Алпысқызы Назарбаева Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап келеді.

    Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуда.

    БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырамын. Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын", - деді Айдос Үкібай.

    Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Сара Алпысқызының денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.