"Хәлі нашарлап кетті": қатерлі дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисенбиннің қызы мен әріптесі оның қазіргі жағдайын айтты
Опубликовано:
Читать на русском
Онкологиялық дертпен күресіп жатқан белгілі актер, әйгілі "Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбиннің қызы мен әріптесі оның қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Актердің қызы осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жазба жариялап, әкесінің хәлі туралы сұраған көпшіліктің сұрағына жауап берген еді.
"Адамдар менен әкемнің жағдайын жиі сұрайды. Бұған біржақты жауап беру қиын. Жағдай әрқалай: кейде жақсы, кейде қиын кездер болады. Біз тек жақсылық жаңалықты бөлісуге тырысамыз, бірақ көп нәрсе кадрдан тыс қалады.
Кейінгі бір жарым жылда ата-анам көп нәрсені бастан кешірді. Ауруханадан ауруханаға, клиникадан клиникаға, таусылмайтын тексерулер, емдеу, химиотерапия және тағы басқа", - деп жазды ол.
Кейінірек ол тағы бір пост жариялап, әкесінің инсульт алғанын және ауруханада дәрігерлердің бақылауында екенін айтты.
Мұрат Бисенбиннің жағдайы туралы оның әріптесі Жан Байжанбаев та айтты. Ол бір жылдан аса онкологиялық дертпен күрескен актердің хәлі нашарлап кеткенін, қазіргі таңда оған шұғыл түрде иммунотерапия қажет екенін мәлімдеді.
Актер қайырымды жандарды әріптесіне кез келген көмек қолын созуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйекте Мұрат Бисенбиннің қатерлі дертке шалдыққаны белгілі болды. Кейінірек актер өзіне қолдау көрсеткен халыққа алғыс айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз