jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақмола облысындағы әскери колледжде карантин жарияланды

    сарбаздар
    Сарбаздар. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Щучинсктегі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде білім алушылар арасында қызылша ауруының тіркелуіне байланысты карантин жарияланды. Бұл туралы оқу орнына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әскеридің колледждің Instagram-дағы аккаунтында жарияланған мәлімет бойынша, кадеттер каникулдан оралғаннан кейін олардың бір бөлігінде жұқпалы ауру белгілері байқалған. Қазіргі уақытта 66 кадет бейінді медициналық ұйымның бақылауында.

    "Екі жағдайда ауру асқынумен өтуде, науқастар мамандандырылған медициналық көмек алып жатыр, олардың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Колледжде байланыста болған тұлғалар анықталып, оқшауланды. Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетілуде, олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланады.

    Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланды. Медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар ұйымдастырылып, жеке құрамның денсаулық жағдайына мониторинг күшейтілді.

    Жағдай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және денсаулық сақтау органдарының бақылауында", - делінген хабарламада.

    Ақмола облысындағы әскери колледжде карантин жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.