jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда бір жасар бала 31 магнит жұтып қойған

    рентген
    Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің хабарлауынша, Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалды.

    Қабылдау бөліміне 1 жас 9 айлық бала өте ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер "ішектегі бөгде заттар – 31 магнит, жіңішке ішектің көп жерден тесілуі, перитонит" диагнозын қойды.

    Баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – шұғыл хирургиялық ота жасау еді. Дәрігерлер ортаңғы лапаротомия жасап, құрсақ қуысы ағзаларына толық тексеру жүргізді. Ота барысында магниттер ішектен алынып, жіңішке ішектегі көптеген тесік тігілді, құрсақ қуысы тазартылып, дренаж орнатылды. Сонымен қатар ішекке трансаналдық интубация жасалды.

    Орталық хирургі Асқар Ризвановтың айтуынша, магниттердің басты қаупі – олардың ағзаға бөлек-бөлек түскенімен, ішекте бір-біріне тартылып, ішек қабырғасын қысып қалуында.

    "Магниттердің арасында ішек қабырғасы қысылады, қан айналымы бұзылады, тіндер жансызданады, тесік пайда болады. Соның салдарынан санаулы сағаттардың ішінде перитонит дамуы мүмкін. Ата-аналар көбіне баланың жағдайы қаншалықты жылдам нашарлайтынын аңғармай қалады", - дейді хирург.

    Дәрігерлер адамдарға тіпті бір магнит жұтқан жағдайда да дереу медициналық көмекке жүгіну қажет екенін ескертеді. Ал бірнеше магнит баланың өміріне тікелей қауіп төндіреді.

    Мамандар балалардың магнитті ойыншықтарды, магнит шариктерді және құрамында ұсақ магниттері бар заттарды ұстамауын қадағалауға, тұрмыста қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

    Алматыда бір жасар бала 31 магнит жұтып қойған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.