jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дәрігерлер Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбаздың жағдайы туралы айтты

    қағаз толтырып отырған дәрігер
    Дәрігер. Көрнекі фото: Klaudia Radecka/NurPhoto via Getty Images

    Отардағы әскери бөлімде жарақат алған сарбаздың жағдайы туралы тың дерек шықты. Оның сауығып келе жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінің бет-жақ хирургиясы бөлімінің бастығы Владислав Мусатов сарбаздың сауығып келе жатқанын айтты.

    "Қазір ол оңалту курсынан өтіп жатыр. Ол физиотерапия, дәрумен терапиясын, ағзаны нығайту терапиясы және жаттығу терапиясынан өтуде. Тексеру кезінде оның аузы 3 см-ге дейін ашылды, бұл – оң нәтиже.

    Әрі қарай гипербариялық оксигенация сеанстары жоспарда тұр. Содан кейін әскери-медициналық комиссия оңалту кезеңін аяқтау үшін физиотерапия курсын жүргізеді", - деді дәрігер.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында әскери қызметшінің жағы сынғанын және ол Алматыдағы әскери госпитальге жатқызылғанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, әскери бөлімде бірнеше лауазымды тұлға қызметінен шеттетілген еді.

    Дәрігерлер Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбаздың жағдайы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.