jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте 35 күн бойы комада жатқан пациент есін жиды

    Ота жасап жатқан дәрігерлер
    Ота жасаған дәрігерлер. Фото: instagram.com/gorzdravshymkent

    Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген пациент 35 күннен кейін есін жиды, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Instagram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 31 жастағы пациент жол апатының салдарынан аса ауыр жарақат алып, өміріне үлкен қауіп төнген.

    Оған бірнеше рет күрделі операция жасалған. Дәрігерлер 35 күн бойы оның өмірі үшін үздіксіз күрескен.

    Кеше пациент көзін ашып, есін жиған. Қазіргі таңда өздігінен тамақтана бастаған.

    Пациентке ауыр қосарланған жарақат, жабық бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, сол жақ маңдай-төбе-самай сүйектерінің сызықты сынуы диагноздары қойылған.

    Сондай-ақ оң жақ самай аймағында және сол жақ төбе-самай аймағында жедел эпидуралды гематома, сол жақ маңдай және төбе аймағында, жарты шарлар арасындағы саңылау мен мишық шатыры бойында жедел субдуралды гематома тіркелген.

    Бұдан бөлек, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ I, II, III қабырғалардың ортаңғы бұғана сызығы бойымен ығысусыз сызықты сынуы, сол жақ бұғана сүйегінің денесінің жабық көпжақты сынуы (сынықтардың ығысуымен), өкпенің соғылуы және мидың ісінуі анықталған.

    Дәрігерлер пациенттің бас сүйегіне трепанация жасап, сол жақ төбе аймағындағы жедел эпидуралды гематоманы алып тастаған.

    "Бұл жағдай – дәрігерлердің жоғары кәсібилігі мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ адамның өмірге деген күшті ерік-жігерінің айқын дәлелі", - делінген хабарламада.

    Шымкентте 35 күн бойы комада жатқан пациент есін жиды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.