jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда алғаш рет: Оралдық әйел арасы екі айлық егіздерді дүниеге әкелді (фото)

    : Original

    Батыс Қазақстан облысының перинаталды орталығында 29 жастағы Лилия Коновалованы шығаруға дайындалып жатыр. Босанған әйелдің екі жатыры болғандықтан, ол екі баласын арасы 2,5 ай айырмашылықпен дүниеге әкелген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Медициналық мекеме өкілдері мұндай жағдай Қазақстанда тұңғыш рет болғанын мәлімдеді.

    Бірінші қыз 24 мамыр күні - жүктіліктің 25 аптасында 850 грамм салмақпен дүниеге келген.

    Босану кезінде Лилия Коновалованың анатомиялық ерекшелігі бар екені анықталған. Келіншектің екі жатыры бар болып шықты.

    "Бұл айрықша жағдай. Мұндай Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Статистикаға сай, мұндай босану оқиғалары 50 миллионға шаққанда тек бір рет қана сәтті аяқталады. Біздің дәрігерлер екі баланың да жанын аман алып қалуға елеулі түрде көмектесті" , - деді БҚО перинаталды орталығының директор орынбасары Есет Ералин.

    Дәрігерлердің айтуынша, бірінші қыз уақытысынан бұрын туып, ол бір айдан астам уақытты жансақтау бөлімінде өткізуге мәжбүр болыпты

    Максим есімі берілген ұл бала болса тоғызыншы тамыз күні дүниеге келген. Ол әпкесі Лиядан кейін екі ай 16 күннен кейін туған.

    "Қыз балада жетілмеген тыныс алу жүйесі болды, оған оттекті терапия жасалды. Қазір қыз баланың салмағы 2 келі 815 граммға тең. Ол ем қажет етпейді. Жақын арада ананы екі баласымен бірге үйіне жібереміз" , - деді БҚО-ның басты неонатологы Нұргүл Жүнісова.

    Лилия Коновалованың екі егізінен басқа жеті жасар қызы бар.

    "Мен мұндай ерекшелігім бар екенін білген кезде қатты таңғалдым, шок алдым. Уақытысынан бұрын туған баламның денсаулығына қатты алаңдадым. Бірақ, біздің дәрігерлер жарады. Олар өздерін нағыз кәсіби мамандар ретінде көрсетті " , - деді Лилия.

    Дәрігерлер келіншек пен егіздер біраз уақыт бойы тұрып жатқан мекен-жайы бойынша бақыланып тұратынын жеткізді.

    Қазақстанда алғаш рет: Оралдық әйел арасы екі айлық егіздерді дүниеге әкелді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.