jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Балаға қалай жеміс жеуді үйретуге болады: Профессордың кеңесі

    Көрнекі фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Балаға тәтті-пәттінің орнына жеміс-жидек жегізген әлдеқайда пайдалы екенін ата-аналар жақсы біледі. Бірақ баласына жегізе алмай, алдап болсын, дәмін таттыра алмай әуре болады. Осы орайда Qadam.asia басылымы профессор Алмаз шаранның материалдарын негізге ала отырып жеті кеңес ұсынады.

    Бірінші кеңес: Жеміс-жидекті өзіңіз жеу

    Бала айтқанды емес, көргенді істейді. Жемістің қалай пайдалы екенін түсіндіріп жеміс жегіземін деген — бос сөз. Ең алдымен, өзіңіз жеңіз. Көбірек жеуге тырысыңыз. Бала ата-анасын пір тұтатындықтан, соның істегенін істейді.

    Яғни, бір сөзбен айтқанда, жанұяның өзі пайдалы, сіңімді, таза ас ішуді әдетке айналдыруы керек.

    Екінші кеңес: Балаға ерте жастан жеміс жегізіп үйрету

    Қаншалықты ерте берсеңіз, соншалықты өзіңізге жақсы. Бала ерте жастан жемістің дәмін сезініп өссін .

    Үшінші кеңес: Баланы тамақ таңдауға, әсіресе, пайдалы асты таңдауға үйрету

    "Бұл – баланың пайдалы тағамды жеуге үйретудің ең маңызды шарты" дейді ғалымдар. Баланы қалай тамақ таңдауға үйретеміз? Бірге дүкенге алып барып, бірге азық-түлік таңдап сатып алыңыздар. Балабақшада, мектепте ішетін асын да таңдатып көріңіз. Түсте, кешке не ішкісі, не жегісі келетінін сұраңыз. Осылай кете береді…

    Төртінші кеңес: Жемістің барынша көбірек түрін көрсетіп жегізу

    Әртүрлі жеміс жесе, соғұрлым жеміс-жидек жеуге деген әдеті қалыптаспақ.

    Бесінші кеңес: тамақ жеуге не дайындауға келгенде барынша шығармашылық тұсыңызды қосыңыз. Баланың жеміс-жидек пен көкөніс жеуден ләззат алуы үшін көбірек шеберлікке, тапқырлыққа баруға тура келеді. Мәселен, жеміс-жидекті баланың көзінше немесе бірге «әдемілеп» турап, қант, йогурт, қаймақ-кілегейін қосып, араластырып алдына тосыңыз. Мұндай тағам кімнің болсын, тәбетін ашары анық. Бұлай істеп тіпті, балаға сәбіз бен бұрыш жеуді де үйретуге болады.

    Жеміс-жидектен быламақ сияқты саусақты батырып, малып жейтін тамақтар жасауға болады. Мұндай тағамдар тәбетті ашады.

    Алтыншы кеңес: Баланы тамақ әзірлеуге қатыстыру

    Бұл да баланың сау тамаққа деген тәбетін арттырады.

    Жетінші кеңес: Біраз табандылық

    Егер бала бірінші жолы бас тартып, жемей қойды ма, тоқтап қалмаңыз. Біраз уақыттан кейін қайта беріңіз. "Бір жемей қойған тамақты қайта-қайта ұсыну арқылы адамның тәбетін ашуға болатынын" зерттеулер дәлелдеген.

    Ала бала біраз есейгеннен, ес білгеннен кейін жеміс-жидек пен көкөністің қандай пайдалы екенін түсіндіріп, баланың қабылдауын жақсартуға болады.

    Балаға қалай жеміс жеуді үйретуге болады: Профессордың кеңесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.