Шымкентте 22 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді
Жарияланған күні:

Шымкент қалалық №2 ауруханасына қарасты перзентханада үшем дүниеге келді. Бұл – 2025 жылы қалада үшем босанған бірінші ана, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
"Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жәмилә 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Балалар мерзімінен бұрын туса да, денсаулықтары жақсы", - деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
Екі ұл, бір қыздың анасы атанған Жәмиләні жақындары перзентханадан шығарып алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2218676-shymkentte-22-zhastagy-kelinshek-duniege-ushem-akeldi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.