jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ұлдар мен қыздар саны тең: Қазақстанда Жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді

    Перзент
    Перзентхана. Көрнекі фото: Costfoto/NurPhoto via Getty Images

    Қазақстанның перзентханаларында Жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келді. Туған нәрестелердің саны бойынша ұлдар мен қыздар бірдей, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келді.

    "Дәстүрлі түрде ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер: Түркістан облысы – 29 бала, Шымкент қаласы – 24, Астана – 22 және Алматы қаласы – 21", - делінген хабарламада.

    Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізіліп жатқанын да мәлімдеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11 пайызға артып, әйелдердің 46,5 пайызын құраған.

    "Жүктіліктің 10 аптасына дейін, ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25 пайызға өсті. Бұл әрбір болашақ анаға жеке мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, сапалы антенаталдық күтім көрсетуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді", - дейді ведомство өкілдері.

    Ұлдар мен қыздар саны тең: Қазақстанда Жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.