Бірден үш қыздың анасы: Қостанай облысында үшем дүниеге келді
Опубликовано:
Қостанай облысында кейінгі үш жылда алғаш рет үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында туған үш қыз баланың екеуінің салмағы – 2600 грамм, біреуінікі – 2300 грамм. Нәрестелердің бойы – 49 сантиметр.
Дәрігерлердің айтуынша, ананың да, сәбилердің де жағдайы қанағаттанарлық.
Үшемнің анасы Сымбат Шарапиева аяғы ауыр кезде бірнеше рет емделген Қостанай облыстық ауруханасының ұжымына алғысын айтты.
Үш ұл өсіп келе жатқан Шарапиевтер отбасында енді үш қыз бала бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2337444-qostanai-oblysynda-ushem-duniege-keldi/